Таразда ТЖМ құтқарушылары ер адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Жамбыл облысының «112» қызметіне Тараз қаласында Сәтбаев көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысындағы, 4 қабаттағы мұнаралы кранға өзін байлаған ер адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ күштері жіберілді. Келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен психологтар ер адаммен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Содан кейін құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып ер адамды түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды, — делінген хабарламада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз