бейсенбі, 7 қараша, 2024 1:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Денсаулық министрі ақтөбелік жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс білдірді

Денсаулық министрі ақтөбелік жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс білдірді
ашық дереккөзі
Еліміздің жаңа тағайыналған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова омбы қарда шақыртуға барған фельдшерлердің еңбегін бағалап, алғыс айтты.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жүрегі сыр берген науқасқа барған фельдшерлердің еңбегін министрдің өзі бағалады. Сол күні жедел жәрдем бригадасының көлігі қар басқан көшеге кіре алмай, үш маман жарты жолда жаяу шыққан. Боранды күні омбылап, ұзақ жүруге тура келген. Олардың бұл еңбегі еленді.

«Кез келген ауа райында, аяз бен боранда, жол жоқ жерде жедел жәрдем бригадалары төтенше жағдайларға қарамастан адамдардың өмірін сақтап қалу қажет миллиондаған шақыртуға қызмет көрсетеді. Осындай батырлардың қатарында – Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері Бауыржан Құдияров, Қайрат Тілеу, Сая Рысбай бар», – деп жазды Әлназарова.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар