Депутаттар су арналарының жағдайымен танысты: сын мен ұсыныс қатар айтылды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2025
- 216

Каналды таныстыру жұмысын «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Ғибадулла Мырзаев жүргізді. Ол арнаның техникалық ахуалы, су өткізу қабілеті және жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы толық мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алайда, «Өтеміс» каналындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы делегация тарапынан сынға ұшырады. Депутаттар мен Вице-министр су тапшылығы мәселесі күн тәртібінде тұрған шақта, мұндай инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы аса маңызды екенін атап өтті.
«Сеңкібай» каналы бойынша да суды тиімді бөлу, шығындарды азайту және автоматтандыру мәселелері қозғалды. Сапар барысында су инфрақұрылымын жаңғырту, шаруашылықтарға тұрақты су жеткізу және су ресурстарын үнемдеу мәселелері талқыланды.
Халық қалаулылары каналдардың стратегиялық маңызын атап өтіп, алдағы уақытта бұл бағытта жүйелі бақылау мен нақты нәтижелердің қажет екенін жеткізді.