
Ол Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Жамбыл ауданында туған
Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Жаманшұбар ауылында дүниеге келген.
«Сұлушаш», «Ботагөз», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз» сынды туындылары – ұлттық прозаның алтын қорына енген көрнекті шығармалар.
Ол тек прозашы ғана емес, сондай-ақ ақын, драматург және әдебиет зерттеушісі ретінде де танылған тұлға. Сәбит Мұқановтың Абай, Шоқан, Мағжан туралы жазған зерттеулері мен мақалалары әдебиеттану ғылымына сүбелі үлес қосты.