сенбі, 15 ақпан, 2025 15:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні халықаралық чарттарда үздіктер қатарына кірді

Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні халықаралық чарттарда үздіктер қатарына кірді
Ашықдереккөз
"Best Sellers in Pop" санатында Димаштың әні бірінші орынға шықты

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

30 қаңтарда бұл туынды iTunes Top 100 чартында 32-орынға дейін жетіп, Amazon-ның "Best Sellers in Songs" тізімінде үздік ондыққа енді. Ал "Best Sellers in Pop" санатында Димаштың әні бірінші орынға шықты.

"Smoke" 2024 жылдың 26 сәуірінде жарық көрген. Әннің музыкасын Димаштың өзі жазса, мәтінін Кэндис Келли мен Дмитро Гордон әзірлеген.

Сонымен қатар, Димаштың тағы бір жаңа әні – "Love’s not over yet" 7 наурызда тыңдармандарға жол тартады. Бұл туындыны әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық команда әзірлеген.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар