Спорт
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Пәкістанды ойсырата жеңді
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2025
- 415

Астанада өткен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Пәкістанды айқын басымдықпен жеңді
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шешуші төртінші матчта Денис Евсеев бар болғаны 36 минут ішінде Ахмад Курешиді 6:0, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұған дейін жұптық кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Акил Хан мен Музаммил Муртазаны 6:4, 7:6 есебімен тізе бүктірген болатын. Осылайша, жалпы есеп 4:0 болып, Қазақстан құрамасы сенімді жеңіске жетті. Енді қазақстандық теннисшілер қыркүйек айында бірінші әлемдік топта өнер көрсетеді.
Бақытжан Бекболат
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қаңтар, 2025