Діни экстремизм мен терроризмнен қалай сақтануға болады?
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2024
- 592
Теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Бексұлтан Бекмолдаевтың ұйымдастыруымен Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының ұстазы, Республикалық ақпараттық насихаттау тобының мүшесі, исламтанушы-ғалым Ризабек Илимбаевпен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жиында Ризабек Батталұлы «Діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не? Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризмнен қалай сақтануға болады?» деген тақырыпта уағыз айтты.
«Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизм ұғымы –мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру деген мағнаны білдіреді,»-деген ғалым діни экстремизм, радикализм, терроризмге соқтыратын мән-жайлар жайлы кеңінен кеңінен тоқталды.
Ризабек Батталұлы топтық кездесуден соң сотталған азаматтарды жеке қабылдады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз