жұма, 27 желтоқсан, 2024 2:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ең болмаса вакцинаны дұрыс ұйымдастырыңыз": Мәжіліс төрағасы Цойдың жұмысын сынға алды

"Ең болмаса вакцинаны дұрыс ұйымдастырыңыз": Мәжіліс төрағасы Цойдың жұмысын сынға алды
ашық дереккөзі
"Ең болмаса вакцинаны дұрыс ұйымдастырыңыз": Мәжіліс төрағасы Цойдың жұмысын сынға алды
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысын сынға алды. Денсаулық сақтау министрі еліміздегі вакцинация процесі туралы айтып берді.
"Қазіргі таңда шамамен 1,4 миллион қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бірінші компонентті салдырғаннан кейін 15-күні ағзада антиденелер пайда бола бастайды. Вакцина барлық өңірде бар, жеткілікті. Бастапқыда азаматтарымыз аздап сенімсіздік танытқан болатын, оны бәріміз білеміз. Вакцинаның екі дозасын салған адам ғана вакцинацияланған болып есептеледі. Қазіргі таңда 400 мың адам вакцинацияланды", - деді Цой.
Нығматулин Цойға вакцинаның екі дозасы арасындағы айырмашылық туралы әртүрлі ақпарат халықты шатастырып жатқанын айтты. Оған қоса, вакцинаның екінші дозасын алған адамдар санына шүйлікті. "Сонда бір күнде 60 мың адам вакцинацияланды ма? Нақты ақпарат берсеңіз. өйткені, мысалы, сіз екі дозаның арасын 21 күн дедіңіз, орынбасарларыңыздың бірі 45, 90 күн деген ақпарат таратып жатыр. Біз халықты әбден шатастырдық қой. Біз халықаралық стандарттарға бағынуымыз керек қой. Сіздердің дипломдарыңызда денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы деп жазылған ғой. Ең болмаса, вакцинацияны жөндеп ұйымдастырсаңыздаршы. Өйткені бір ақпарат шығады, одан кейін мүлдем басқа ақпарат шығады. Негізі Алексей Цой мырза сіз дұрыс айтып отырсыз. Бастапқыда халық қарсы болғаны рас. Бірақ біздің мақсатымыз - вакцинаны дұрыс ұйымдастыру. Мемлекет басшысы да тапсырма берді. Бірақ жеткілікті деңгейде жұмыс жасалмады", - дейді Нығматулин. Оған қоса, Нығматулин Жамбылдағы зауыттағы вакцина өндірісіне қай министрлік жауапты екенін анықтамақ болды. "Өздеріңіз де ешнәрсе түсініп отырған жоқсыздар. Бұл өте маңызды жоба. Бұл вакцинаны халық күтіп отыр. Қажетті қаражат сіздерге берілген болатын. Қазір қайтадан қаржы сұрап отырсыздар, тағы береміз. Барлығы сіздердің қолдарыңызды. Барлығын жөндеп ұйымдастырыңыздар", - дейді Нығматулин.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар