Жастар арасында індет жұғу өршіп барады
Мегаполисте жастар арасында індет жұқтыру белең алып барады. Соңғы деректерге сәйкес, жастардың індет жұқтыруы 35,5%-ға дейін көтерілді. Күн сайын індетке шалдығып жатқандар саны 700-ге жетіп жығылады. Көзі ашық дейтін жастарымыздың көпшілігі әлі де пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанын ерен қылмайды. Жалпы, халық бәрін көріп-біліп отырса да, жауапкершілік жетіспей жатыр.
Медицина мамандары үйдегі үлкен кісілер қанша жерден сақтанып, сыртқа шықпай отырса да, көп жағдайда оларға отбасының қыдырымпаз мүшелері індет жұқтырып жатқаны туралы талай рет жіктеп бергені есімізде. Бір аптада Алматыда карантин шараларын бұзған 700-ге жуық мекемеге айыппұл салынды. Оған қоса тек соңғы айда 700 заңды және 3 мыңнан аса жеке тұлға карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мысалы, осы сәрсенбіде «Бармаглот» барына карантин талаптарын сақтамай, 100 адам жиналғаны үшін айыппұл салынды. «Бармаглот» барымен қосылып жұмыс істеген, Медеу ауданында «Мята» лаундж барында 60-қа жуық адам болған. Эпидемиялық ахуалды елемей, карантинге көнбей келе жатқан мұндай нысандардың сала-құлаш тізімін бұқаралық ақпарат құралдары да жариялап келеді.
Мына дерекке қараңыз, биыл БАҚ Германияда карантин талаптарын бұзғандар үшін «күштеп орналастыру мекемесі» пайда болуы мүмкін екенін жазған еді. Дереккөзде Саксония билігі осы бастаманы қолға алатыны, ережеге бағынбағандардың Дрезден қаласындағы босқындарды қабылдау орталығына жіберілетіні айтылады. Бұл мекеме 2017 жылы салынған екен. Мекеме төңірегі қоршалған. Оны полицейлер бақылап отырады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл мекемеге карантин ережелерін бірнеше рет бұзғандар ғана күштеп орналастырылады. Саксонияның Денсаулық сақтау министрі ұқсас бастаманы былтыр да көтерген еді. Бірақ ол кезде карантин ережелерін елемегендерді психиатриялық емханаларға, не қонақүй мен ауруханаға жіберу ұсынылған. Алайда билік бұл идеяны құптамаған болатын.
Қарап отырсақ, Алматыда биылғы 20 наурыз бен 29 сәуір аралығында карантин талаптарын белден басқан 714 нысан анықталды. Тығылып тойлатып жатқандары қаншама?! Анықталған нысандардың 492-сі – мейрамхана, дәмхана және дүкендер, 93-і – компьютерлік клуб, 15-і – бильярд клубы, 43-і – СПА-салон, 26-сы – сауна, 2-уі – кальян бары, 20-сы – караоке клубы, 9-ы – лото клуб, біреуі – букмекерлік кеңсе, 15-і – түнгі клуб. 3288 адамға әкімшілік жауапкершілік туралы хаттама толтырылды.
Алматы әкімдігі карантин шараларын – бетперде тағу режімін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыруға жағы тынбай үндеп отырса да, індеттің азабын өзінен өткермей, оған сенбейтіндер әлі де жеткілікті. Эпидемиологтардың мәліметтері бойынша бүгінде Алматыда 20-39 жас аралығындағы жастар арасында КВИ жұқтыру өршіп тұр. Коронавирус инфекциясын жұқтыру 34,8%-дан 35,5%-ға дейін көбейген. Демек әлі де болса тұрғындардың жетесіне жететін ақпараттарды көбейтіп, барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды күшейте түсу қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тағы бір банк елден кетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024