жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Егіс көлемі артып келеді

Егіс көлемі артып келеді
ашық дереккөз
Жалпы егістік көлемі 137,4 мың гектар алқапты құрайтын Қордай ауданында орақ науқаны қызып тұр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 100,8 мың гектар алқапқа орналастырған қордайлық диқандарда қазір дамыл жоқ.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі берген мәліметтерге сүйенсек, биыл бидай 20,1 мың, арпа 36,525 мың гектар алқапқа орналастырылған. Бұдан бөлек, 3,5 мың көкөніс, 0,3 мың бақша, 2 мың картоп, 6,5 мың дәндік жүгері мен 1,025 қант қызылшасы алқабы бапталуда.

Бүгінгі күнге масақты дәнді дақылдардан ораққа түскені бидай мен арпа. Қазіргі таңда бидайдың 3257 гектары орылып, қырманға 5048 тонна өнім түскен. Оның орташа түсімі 15,5 центнерді құрап отыр. Ал арпаның 7489 гектары орылып, түсімі – 10634 тоннаны құраған. Әрбір гектардан түскен орташа өнім – 14,2 центнер. Масақты дәнді дақылдарды жинау барысында 88 комбайн жұмылдырылған.

Осы орайда мал азығын дайындау науқаны бойынша қысқаша тоқтала кетсек. Аудан бойынша мал азығын дайындау үшін жалпы 33 278 гектар алқаптан мал азығын жинау көзделген. Оның 23840 гектарын көпжылдық шөп (3 орым), 9038 гектарын табиғи шабындық, 400 гектарын сүрлемдік жүгері құрайды. Бүгінгі күні 260775 тонна пішен, 240000 тонна пішендеме дайындаған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар