сенбі, 28 желтоқсан, 2024 20:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жобаның игілігін ел көріп келеді

Жобаның игілігін ел көріп келеді
ашық дереккөз
«Ауыл аманаты» жобасы кәсіп ашып, ісін дөңгелетемін деген қордайлықтарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Соның ішінде, Кенен ауылдық округінің тұрғындары да бар. 2023-2024 жылдары жобаның екінші бағыты бойынша (мал шаруашылығы) 75 адам 349 миллион теңгеге келісімшартқа отырып, несиелерін толығымен алды. Төртінші бағыт бойынша «Кенен Береке» ӨК қажетті жабдықтармен қамтамасыздандыру үшін 53,8 миллион теңгеге 9 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Бесінші бағыт бойынша (өз кәсібін ашу) құс шаруашылығына 4 адам 34,4 миллион теңге несие алып, іске асырылды.

Жоба берген мүмкіндіктердің арқасында ауыл тұрғындарының ауласына мал бітіп, табысы арта бастады. Сондай азаматтың бірі – Рысқұлбек Ағыбаев. Жоба туралы ақпаратты ести салып, тәуекелге барып, несие алған ол бүгінде еңбегінің жемісін көріп отыр. Үйін кепілге қойып, 4 миллион теңге несие алған Рысқұлбек Ағыбаев сатып алған саулықтардан қозы алып, мал санын көбейтіп үлгерген.

– Өзім ата кәсіппен мал бағып жатқаннан кейін, ауыл шаруашылығына қатысты жұмысты дамытқым келді. Қорамызда азды-көп малымыз бар, сиыр ұстаймыз, күзде жылқы, ірі қара бордақылаймыз. Өткен жылы 4 миллион теңге несие алып, 64 бас саулық және жем-шөп сатып алдым. Биыл алғашқы төлдерін көрдім. Бәрінен несие шарттары қызықтырды. Бір жыл каникул берді, кейіннен жарты жыл сайын 500 мың теңгеден төлеп отырамын. Бұл өте тиімді – каникул кезінде малды көбейтіп алу мүмкіндігі бар. Яғни, мал көбею үшін уақыт керек емес пе? Ауылдағы тірлік осы, – дейді Рысқұлбек Ағыбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар