Экология министрі көлікті қыздыру бойынша тәжірибе жасап, халыққа үндеу жасады
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 09:04
- 79
Қазақстан Республикасының Экология министрі өзінің жеке көлігін қыздыру бойынша тәжірибе жасап, оны видео арқылы жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Видеода министр көлігін оталдырып, секундомерді қосады. Ол даладағы ауа температурасының -17 градус екенін және қозғалтқыш температурасының ең төменгі деңгейде тұрғанын атап өтеді. Бар болғаны 5 минуттан кейін көліктің қозғалысқа дайын екенін дәлелдейді.
Министрдің бұл тәжірибесі экологиялық тұрғыдан да маңызды. Ұзақ уақыт көлікті босқа қыздыру ауаға зиянды газдардың артуына себеп болатынын еске салған. Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында әртүрлі пікір туғызды.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз