бейсенбі, 23 қаңтар, 2025 14:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласында жаңадан құрылған екі ауданның атауы бекітілді

Тараз қаласында жаңадан құрылған екі ауданның атауы бекітілді
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Арнайы құрылған жұмыс тобының мүшелері қаланың тарихи мұрасына жақын атауларды таңдады

Тараз қаласында жаңадан құрылған екі ауданның атауы бекітілді. Әкімшілік аудандар «Әулиеата» және «Жібек жолы» деп аталатын болды, деп хабарлайды, Jambylinfo.kz

Бірінші әкімшілік аудан (солтүстік) «Әулиеата», екінші аудан (оңтүстік) «Жібек жолы» деп аталады.

Қаланы бөлуден кейінгі алғашқы шешімдердің бірі көлік ағынын тиімді ұйымдастыру және жолдардағы жүктемені азайту шараларын қабылдау болмақшы. Осы мақсатта екі көпір салу жоспары бар.

Абай даңғылы бойындағы темір жол арқылы бірінші жол өтпесі салынады. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жамбыл облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бұл көпірдің құрылысы 2025 жылдың ақпан-сәуір айларында басталады.

Екінші жоба — Абай даңғылының Сыпатай батыр көшесінің қиылысынан Жамбыл даңғылына дейін созылатын жол өткелінің құрылысы. Бұл құрылыс көліктің теміржол және индустриялық аймақ арқылы өтуіне мүмкіндік беріп, халық арасында «бұдырлы» деп аталатын Жамбыл даңғылы бойындағы көпірдегі жүкті айтарлықтай жеңілдетеді. Әкімдік қазірдің өзінде мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алды, ал жобаның өзі одан әрі қаралады.

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар