Экс-шенеунік 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 сәуір, 2025
- 185

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да тұлғаларға қатысты тергеу барысында жаңа фактілер анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің бұрынғы директоры Б.С. Айымбетовтың 2018–2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтық әрекеттерге қатысы бары белгілі болды.
Әбішев пен Айымбетов 29 ауыл шаруашылығы кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық таңқурай көшеттерін жеткізу туралы жалған құжаттар жасаған. Соның негізінде мемлекеттен жалпы 1,5 миллиард теңге көлемінде субсидия алған.
Тергеу сотының шешімімен Айымбетовке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды.