бейсенбі, 24 сәуір, 2025 5:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәлік Отарбаев ұстаздармен кездесті

Мәлік Отарбаев ұстаздармен кездесті
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында білім саласына қатысты мәселелер айтылды

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында ұстаздармен жүздесіп, Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

“Ұлы дала” шағынауданындағы жайлы мектепте өткен іс-шараға облыстағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты.
Президент кеңесшісі тағдыршешті жиынның болашақ бағдарымызды айқындап бергенін, сонымен қатар соңғы жылдары білім саласына баса көңіл аударылып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ білім саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру мақсатында ғылым мен білімге, тәрбиеге үлкен мән беру керектігін жеткізді.

Ал, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов президент бастамасымен жарияланған “Жұмысшы мамандықтары” жылы аясында білім алушыларға кәсіптік білім беріліп жатқанын атап өтіп, аталған саладағы атқарылып жатқан ілкімді істерге тоқталды. 

Бүгінгі күні облыста 618 мектепке дейінгі ұйымдарда 63 059 бала тәрбиеленуде. 2-6 жас аралығындағы балалардың қамту үлесі 95,1%-ды құрайды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен облыстағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына дербес ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілуде. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру мақсатында  мектеп жасына дейінгі барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, экологиялық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы «Әжемнің ертегілеріне саяхат, «Smart toys», «ЕCOLAB», «Асыл мұра»жобалары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар жастарға кәсіптік-техникалық білім беру – маңызды мәселе. 2024-2025 оқу жылына 70 мамандыққа 7 486 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Жалпы, бөлінген мемлекеттік  тапсырыстың 56% -орта буын,  43% - жұмысшы мамандықтарына берілді.

Келелі жиында бірқатар баяндама жасалып, ұстаздар тарапынан ой-ұсыныс айтылды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар