бейсенбі, 20 ақпан, 2025 23:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Электронды темекі – ұлт саулығына төнген қауіп

Электронды темекі – ұлт саулығына төнген қауіп
ашықдереккөз
Алайда жылдар жылжыған сайын жас ұрпақтың денсаулығына зиян тигізетін түрлі заттардың қатары көбейіп барады

Былтыр Жамбыл облысында вейптердің заңсыз айналымына қатысты 9 қылмыс анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Вейп саудасы мен қолданысына тыйым салу мәселесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда көтерген еді.

Вейпті қолдану бастапқыда темекіге зиянсыз балама ретінде жарнамаланғанымен, ғылыми зерттеулер оның да адам денсаулығына айтарлықтай зиян тигізетінін көрсетуде.

Электронды темекінің құрамындағы химиялық заттар тыныс алу жүйесін зақымдап, өкпе аурулары мен жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар, құрамындағы никотин тәуелділік тудырып, әсіресе жасөспірімдердің денсаулығына қауіп төндіреді.

2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап енгізілді. Бұл бап вейп өнімдерін сату, тарату, әкелу және өндіруге қатысты қатаң шектеулер мен жазаларды қарастырады. Атап айтқанда, вейптерді сату немесе т аратуға 200 айлық есептік көрсеткіш (738 мың теңге) көлемінде айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 15 тәулікке дейін қамау, вейптерді әкелу немесе өндіру: 2 мың айлық есептік көрсеткіш (7,4 миллион теңге) көлемінде айыппұл, 600 сағат қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру, қылмыстық топпен, бірнеше рет немесе аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер: 5 мың айлық есептік көрсеткіш (18,5 миллион теңге) көлемінде айыппұл, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бүгінде аталған заңның орындалуы құқық қорғау органдары тарапынан қатаң бақылауда. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, өткен жылы өңірде жүргізілген тексерістер нәтижесінде 366 вейп тәркіленген.

– Былтыр облыста вейптердің заңсыз айналымына қатысты 9 қылмыс анықталды. Тараз қаласының полиция басқармасының 1 полиция бөлімшесі – 7 дерек, ал 2 полиция бөлімшесінен 1 дерек тіркелді. Барлығы 366 дана вейп және басқа шегілмейтін темекі өнімдері тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441- бабы бойынша, тыйым салынған орындарда темекі және вейп тұтынғаны үшін 214 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 150 адам вейптерге қатысты ережені бұзған, – деді баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, ел аумағы бойынша 2024 жылы вейптерге байланысты жалпы 500-ден астам қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Республика көлемінде 2 мыңнан астам вейп тәркіленген. Әсіресе, Алматы, Астана және Шымкент қа ла ларында вейп заңнамаларын бұзу жағдайлары жиі кездеседі. Бұл статистика қоғамның назарын осы мәселеге аудару қажеттігін айқын көрсетеді. Қалай болғанда да бұл заңдық шектеулер вейп өнімдерінің таралуын шектеу және олардың зияны туралы қоғамды хабардар ету мақсатында енгізілген. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастар арасында бұл өнімдерге деген қызығушылықты азайтудың маңызы зор. Бұл ретте ата-аналар, мұғалімдер және қоғамдық ұйымдар бірле сіп, жаст арға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Бұл вейптер денсаулыққа зиян тигізіп қана қоймай, заңдық тұрғыда да ауыр жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Әр азамат бұл шектеулерді ескере отырып, өз денсаулығы мен болашағына саналы көзқараспен қарауы тиіс. Сән қуудың орнына, салауатты өмір салтын таңдау – ең дұрыс шешім.

 

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар