жексенбі, 9 ақпан, 2025 9:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 111 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Елімізде 111 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасы жетілдірілмек

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алыңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың мәлімдеуінше, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар аясында мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс орындарын квоталау жүйесін жақсарту жұмыстары жалғасады.

«1 қаңтардағы жағдай бойынша, 111 мың мүгедектігі бар адам немесе еңбекке қабілетті азаматтардың 29%-ы (381 мың) жұмысқа орналастырылған», - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға жетпей, 20%-дан 50%-ға дейін ауытқып отырғаны айтылды. Осыған орай, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін, жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындамайтын жұмыс берушілерге бюджетке өтемақы төлеу тетігін енгізу жоспарлануда.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар