Жаңалықтар
Еліміздің оңтүстігінде 7 келі салмақпен алып сәби дүниеге келді
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 сәуір, 2025
- 974
Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді
Шымкентте салмағы 7 келіге жуық алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз салмағы 6700 грамм сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай", - делінген хабарламада.
Ұл бала – отбасындағы алтыншы перзент. Көпбалалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қызды дүниеге әкелген.
"Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанды, ота да, күрделі араласу да қажет болмады", - дейді Шымкент денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Жалпы, жыл басынан бері Шымкентте 6719 сәби дүниеге келген. Оның – 3271-і қыз, 3448-і ұл бала.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026




