Жаңалықтар
Оралда арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 сәуір, 2025
- 839
Рекордты Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеп, арнайы сертификатты салтанатты түрде табыстады.
Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда арқан тартыстан Қазақстанның жаңа рекорды орнатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ел тарихында алғаш рет бір мезетте 200 адам қатысқан ұлттық спорт ойыны ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Шара салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық мұраны ұлықтау және жастардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарыс барысында “Жайық” және “Еділ” атты екі команда күш сынасып, нәтижесінде “Жайық” командасы жеңіске жетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық спорт түрлерін кеңінен танытып, көпшілікті дәстүрлі ойындарға тартудың тиімді үлгісі болып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





