Жаңалықтар
Елордада лифтіде зардап шеккен баланың жағдайы жақсарды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 17 ақпан, 2025
- 859
Бұл туралы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы хабарлады
Елордада лифтіде зардап шеккен баланың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бүгін тігістердің басым бөлігі алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, өзін белсенді ұстауда. Қашан үйге шығаратыны белгісіз. Бәрі тексерістен кейін анықталады», — деді № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.
Айта кетейік, Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде жеделсатыда жасөспірімнің 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.
Шабуыл жасаған жасөспірім арнайы психоневрологиялық есепте тұрған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден озды
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 сәуір, 2026





