Спорт
Қазақстандық үш спортшы үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 ақпан, 2025
- 214

17-25 мамыр аралығында Қатарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстандық үш спортшы үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Әлем біріншілігінде медальдар жекелей сында, ерлер мен әйелдер жұптық жарысында, сондай-ақ аралас жұптар сайысында сарапқа салынады.
Жекелей жарыста 128 теннисші (оның ішінде 32 іріктелген ойыншы) бақ сынайды, ал жұптық сайыстарға 64 жұп (16 іріктелген жұп) қатысады.
Қатарда Қазақстан намысын Кирилл Герасименко (жекелей сын), Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева (жұптық сын) қорғайды.
Келесі мақала
Елордада лифтіде зардап шеккен баланың жағдайы жақсарды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Ибрагим Магомадов пен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында жүлдегер атанды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025