Жаңалықтар
Енді қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз несие ала алмайды
- авторjambylinfo.kz
- 11 шілде, 2024
- 824
Қаулы 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі
«Ашық НҚА» порталында жарияланған мәліметке сүйенсек, бұл талап қарыз көлемі 3,6 млн теңгеден асса ғана қолданылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қаулыда банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының келісімін алу тәртібі және оны алу үшін жұбайының келісімі қажет болатын несиенің ең төменгі мөлшері бекітілген.
Бұл дегеніміз, енді азаматтар 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) жоғары сомаға несие аларда жұбайының рұқсатын сұрауы тиіс.
«Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік қарыз немесе микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың немесе тұтынушылық микрокредиттің ең төменгі мөлшері бекітілсін»,- делінген құжатта.
Еске салайық, енді жаңа
өзгерістерге сәйкес, азаматтар кредитті төлеу мерзімін 90 күннен кешіктірсе, оларға банктер мен микроқаржылық ұйымдар несие бермейді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024