дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Кездесуге күйеуіммен емес, қайныммен жиі баратынмын": Жеңіс Ысқақова жеке өмірі туралы естелігін баяндады

"Кездесуге  күйеуіммен емес, қайныммен жиі баратынмын": Жеңіс Ысқақова жеке өмірі туралы естелігін баяндады
Сурет ашық дерекөзден алынды
Жігітінің кездесуге уақыты болмай, інісін жіберген

Әнші болашақ қайнысымен қалай танысқанын айтып берді. Олар театрға барып, әбден қыдырған, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Зымырап жатқан уақыт-ай. Сонау тоқсаныншы жылдардың басында жолдасыммен енді кездесіп жүрген кез. Бір күні жігітім мені театрға шақырды, кездесу Мұхтар Әуезовтың ескерткішінің алдында. Кешкі сағат18:00-де болу керек. Мен келіскен уақытқа келдім, жігіт жоқ. 10-15 минуттай тұрдым. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Содан бір мезгілде қасыма десант киіммен әскерден жақында келген бір ұзын жігіт келіп: «Мен Тоханың інісі Рахат боламын, ағамның бір шаруалары болып қалды. Театрға сізді мен апарамын» деді.

Кездесуге жігітіме шығып, інісімен қыдырып кеткенмін. Болашақ қайныммен осылай танысқанмын. Кейін тұрмыс құрғаннан кейін Рахат біздің балапандарымызды бағып, жаялықтарын жуған кездері де болған. Сөйтіп бірге есейдік. Кейін келіншегі Салтанатты біздің үйге түсірді. Өзім орамалын тағып, қарсы алған болатынмын», – деп жазды әнші. 

Бұл жазбаға қатысты бірге қыдырған қайын інісінің келіншегі, әншінің келіні Салтанат та өз пікірін білдіріп:

«Әумин айтқаныңыз келсін. Сіздердің жолдарыңызды бізге берсін! Сізбен бірге бір әулеттің келіні болғаныма өте қуаныштымын. Бізге көп жақсылық жасадыңыз, көп рахмет сізге! Аға екеуіңіз немере-шөбере сүйіп қызығын көре беріңіздер» деп жазба қалдырды.

Әншінің оқырмандары бұл оқиға туралы өз пікірлерімен бөлісті. «Жігітің келмеген соң театрға бармай-ақ қоймадыңба, ақ көңіл Жеңіс-ай», «Жігітіңіз неге келмепті, себебін бізде білейік?», «Қандай керемет оқиға» деп жазды.

 

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар