сәрсенбі, 24 шілде, 2024 16:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл жыл басынан бері елімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды

Биыл жыл басынан бері елімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды
Фото - Оқу-ағарту министрлігі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылған. Соның нәтижесінде  балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Елімізде президент тапсырмасы бойынша  2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың және жаңа орындарды ашудың қадамдық жоспары жасалған. Өйткені, балабақшаларда бүгінгі күні 1 млннан аса бала тәрбие алып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің өкілі айтқандай, биыл 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.

  «Жаңа орындарды ашу - жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке балабақшаларға орналастыру есебінен жоспарлануда. Бүгінде ол бойынша Павлодар облысы жоғары көреткішке қол жеткізді. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылды. Осылайша, балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті», - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

 Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар