жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Нұрдәулет Жұмағалидің ата-анасына құрмет көрсетті

Ербол Қарашөкеев Нұрдәулет Жұмағалидің ата-анасына құрмет көрсетті
Сурет: Ағаділ Рысмахан
Күні кеше жерлесіміз Парижде Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалидің шаңырағына барып, ата-анасына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ербол Қарашөкеев жүзу шеберін тәрбиелеп, қолдау көрсеткен ата-анасы мен жақындарына жамбылдықтардың атынан алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

– Нұрдәулет Азия рекордын жаңартып, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады. Ол қазақстандықтардың мерейін асырып, жанкүйерлерінің сенімін ақтады. Әсіресе, Жамбыл жұртының абыройын асқақтатты. Оның жеңісі біз үшін алтынға бергісіз!

Спортшымыз бойындағы күшті ерік-жігерін, табандылығын таныта отырып, нағыз ер азамат екендігін дәлелдеді.

Ол Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атанып, айтулы жетістікке жетіп отыр.

Бауырымыз бұйырса 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарында алтыннан алқа тағатынына сеніміміз зор! — деген облыс әкімі спорт шеберінің ата-анасына құрмет көрсетіп, марапаттады.

Өз кезегінде спортшының ата-анасы Мемлекет, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар