жұма, 14 наурыз, 2025 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлан Саиров блогерлер мен онлайн-лотереяларға бақылауды күшейтуді ұсынды

Ерлан Саиров блогерлер мен онлайн-лотереяларға бақылауды күшейтуді ұсынды
Фото: mazhilis.parlam.kz
Оның айтуынша, көптеген блогерлер сән-салтанатты өмір салтын көрсеткенімен, олардың кірістері мен салық міндеттемелері туралы нақты ақпарат жоқ. Сонымен қатар, заңсыз лотереялар мен күмәнді ұтыстар халық арасында кеңінен таралып, алдау әрекеттеріне жол ашуда.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Ерлан Саиров әлеуметтік желілердегі заңсыз ұтыс ойындары мен инфлюенсерлердің салық төлеу мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазіргі таңда елде турпакеттер, автокөліктер, зергерлік бұйымдар және басқа да тауарлар сату деген желеумен ұйымдастырылатын онлайн-лотереялардың жүздеген фактілері анықталды. Өткен жылы осындай 106 заңбұзушылық тіркеліп, құқық бұзушыларға 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Депутаттың пікірінше, «жеңіл ақша» идеясының кең таралуы қоғамда бұрмаланған құндылықтарды қалыптастырып, адал еңбектің маңыздылығын төмендетеді.

«Заң барлығына ортақ. Әлеуметтік желілердегі танымал тұлғалар өздерінің беделі мен ықпалы арқылы қоғамға оң үлгі көрсетуі тиіс. Олардың жауапкершілігі – салық заңнамасын сақтап, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ұстану. Біз блогерлердің кәсіби қауымдастығының салық органдарының талаптарына түсіністікпен қарағанын байқадық», – деді Ерлан Саиров.

Депутат мәселені шешу үшін блогерлер арасында заңнаманы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, инфлюенсерлердің кірісін кәсіпкерлік қызмет ретінде айқындаудың нақты тетіктерін әзірлеуді және онлайн-лотереялар мен ұтыс ойындарын қатаң бақылауға алуды ұсынды.

Ол қаржылық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мен заң алдындағы теңдікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, салық заңнамасын қатаң сақтауға шақырды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар