сенбі, 15 наурыз, 2025 9:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанай облысында есірткіні орманда жасырған әйел ұсталды

Қостанай облысында есірткіні орманда жасырған әйел ұсталды
Фото: Polisia.kz
Ұсталған әйелдің тұрақты жұмыс орны болмаған және есірткіге тәуелді екені анықталды.

Қостанай облысында полиция Қостанай-Садовое тас жолының бірінші шақырымындағы демалыс аймағында аса ірі мөлшерде есірткі жасырған 27 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұсталған әйелдің тұрақты жұмыс орны болмаған және есірткіге тәуелді екені анықталды. Жеке тінту барысында одан ақ жабысқақ таспамен оралған 14 бума есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар жалдамалы пәтерді тінту барысында 44 бума есірткі, бос zip-пакеттер, 4 жабысқақ таспа орамы және электрондық таразы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 33 граммды құрайтын мефедрон және «альфа PVP» синтетикалық препараттары екені анықталды,  – делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар