дүйсенбі, 21 қазан, 2024 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ешқашан жеңіліп көрмеген": Асу Алмабаев тағы да жеңіске жетті

"Ешқашан жеңіліп көрмеген": Асу Алмабаев тағы да жеңіске жетті
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жамбылдық файтер UFC-де мүлдем жеңілмеген

Отандасымыз (21-2) UFC Fight Night 245 аясында бразилиялық Матеус Николаудан (19-5-1) төрешілердің шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жекпе-жек тікелей эфирде UFC-дің ресми сайтынан көрсетілді. 

Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі.

Айта кетейік, жерлесіміз осы жеңісінен кейін UFC-де жеңіл салмақ дәрежесінде үздік ондыққа енуі мүмкін. Қазіргі уақытта Матеус Николау UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрса, Асу Алмабаев 14-орынға орналасқан. Бұл салмақта бразилиялық Александр Пантожа көш бастап тұр. 

Асу  Алмабаев 1994 жылы Жамбыл облысы, Жаңаталап ауылы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Жамбылдық жампоз  аралас жекпе-жекте UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар