жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуро-2024: Испания құрамасы - финалда

Еуро-2024: Испания құрамасы - финалда
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жартылай финалда Испания Франция құрамасын 2:1 есебімен жеңді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында  1/2 финалдағы алғашқы ойында Испания Францияны жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Енді Испания құрамасы 14 шілде күні өтетін финалық матчта өнер көрсетеді. 

Еуро-2024 додасында испаниялық Ламин Ямаль 16 жасында гол салып, байрақты бәсекеде ең жас футболшы атанып отырғанын атап өткен жөн. 

Осылайша, Испания құрамасы 2012 жылдан кейін алғаш рет Еуропа Чемпионатының финалына жолдама алып отыр. 

Айта кетейік, бүгін Нидерланд мен Англия құрамалары жартылай финалда кездеседі. 

Қай құрама жеңіске жетсе, сол финалда Испаниямен бақ сынайды. 

Еске салайық, Еуро 2024 финалы Берлинде 14 шілдеде "Олимпиаштадион" аренасында өтеді.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар