сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 20:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпкерлерге арналған "Ашық есік күні" өтті

Кәсіпкерлерге арналған "Ашық есік күні" өтті
Сурет:Jambylinfo.kz.
Іс-шарада кәсіпкерлердің мәселелері қаралып, оның кейбірі оң шешімін тапты

Бүгін «Атамекен» ҰҚП алаңында облыс прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлының төрағалығымен кəсіпкерлер мен инвесторлардың сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өтті.

Аталған іс-шарада кәсіпкерлік палатасы, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты. Кездесу барысында  салық заңнамасы, аграрлық қаржыландыру және тасымалдаушыларды субсидиялау мәселелері көтерілді.Барлық мәселелер бойынша жауапты органдар бекітіліп, оларды шешу  жолдары ұсынылды.

Жалпы прокуратура органдарының атсалысуымен есепті мерзімде 14 инвестордың проблемалық мәселелері қаралды. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерден рұқсат алу, инфрақұрылым нысандарын жүргізу, жер беру мәселелері және басқада сұрақтар шешілді. Сонымен қатар, жиналыстың қорытындысымен  кәсіпкерлердің бірыңғай проблемаларын қалыптастыратын реестрді жүргізу туралы шешім қабылданды. Iс-шарада кәсіпкерлік палатасы, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты.

Кездесу барысында  салық заңнамасы, аграрлық қаржыландыру және тасымалдаушыларды субсидиялау мәселелері көтерілді. Барлық мәселелер бойынша жауапты органдар бекітіліп, оларды шешу  жолдары ұсынылды. Жалпы прокуратура органдарының атсалысуымен есепті мерзімде 14 инвестордың проблемалық мәселелері қаралды. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерден рұқсат алу, инфрақұрылым нысандарын жүргізу, жер беру мәселелері және басқада сұрақтар шешілді.

Сонымен қатар, жиналыстың қорытындысымен  кәсіпкерлердің бірыңғай проблемаларын қалыптастыратын реестрді жүргізу туралы шешім қабылданды

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар