бейсенбі, 21 қараша, 2024 18:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сот Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын қарады

Сот Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын қарады
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен әнші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Жоғарғы соттың мәлімдеуінше, бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Алайда құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан, бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар