сейсенбі, 8 сәуір, 2025 18:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуропа Украинаға 25-30 мың әскер жіберуі мүмкін

Еуропа Украинаға 25-30 мың әскер жіберуі мүмкін
Ашық дереккөз
Бұл әскерлер Украина мен Ресей арасында қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалса, екі ел арасында бақылау жасап, тыныштықты сақтау үшін жіберілмек

Еуропалық одақтың және Лондонның көшбасшылары Украинаға 25-30 мың әскери қызметкер жіберу мәселесін талқылады. Бұл туралы The Washington Post Парижде өткен Еуропалық қауіпсіздік және Украина бойынша бейресми саммитке қатысқан бірнеше дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Газет деректеріне сәйкес, 25-30 мың еуропалық әскери бірнеше бригадаға бөлініп, Украинада орналасуы мүмкін. Бірақ бұл әскери күштердің қақтығыс аймағына тікелей кірмейтіні, олар тек Ресейдің соғысты қайта бастау әрекеттерін тежеуге дайын болатыны айтылған.

Бұл ұсыныс әлі талқылануда. Кейбір еуропалық одақтастар әскери ресурстардың жетіспеушілігі мен басқа да мәселелерге байланысты қиындықтарға тап болатынын білдірген. Алайда бұл жоспарды қолдайтын нақты елдер белгісіз.

Сонымен қатар, Еуропа елдері АҚШ-тан Украинаға қандай әскери көмек көрсетілетінін анықтауға тырысуда. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа елдерінің Украина қауіпсіздігін қорғауға жауапты екенін айтып, Ресейдің ЕО мен НАТО үшін қауіп төндірмейтінін атап өткен еді.

Франция бұл жоспарға дайындық жағынан ең озық елдердің бірі. Париж 10 мыңға дейін әскери жіберуді жоспарлауда, ал қаңтар айында арнайы жаттығулар өткізілген. Ұлыбритания да бұл бастаманы қолдады.

Алайда Польша мен Германия бұл идеяға қарсылығын білдірді. Германия канцлері Олаф Шольц саммиттен кейін бұл тақырыпты талқылаудың оны алаңдатқанын айтты. Оның пікірінше, бұл мәселелер Украинаның қатысуынсыз шешілмеуі тиіс, себебі соғыс жалғасып жатыр, және бейбітшілікке қол жеткізу әлі мүмкін емес.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар