Tasqyn жүйесі: Су тасқынын болжау жүйесі іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 18 ақпан, 2025
- 189

Елімізде су тасқынын болжау және модельдеу бойынша Tasqyn жүйесі өндірістік қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың көктемгі су тасқынына дайындықты пысықтау мақсатында өткізген аппараттық кеңесте белгілі болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Tasqyn жүйесі 128 өзен учаскесіндегі 142 су бекетіндегі деректерді модельдеп, болжамдар жасайды. Бұл жұмысқа «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы тартылған. Олар күн сайын су деңгейін талдап, ақпаратты жүйеге енгізеді.
Жүйе халықаралық GloFAS су тасқыны жөніндегі ескерту жүйесімен біріктірілген. Tasqyn жүйесі 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне қатысты соңғы болжамын наурыз айының басында ұсынбақ.
«Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады»,
- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз