Француз оқушылары Қазақстанда оқу-тәжірибелік бағдарламадан өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:15
- 28
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Париж қаласының лицейлерінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барысында француз оқушыларына еліміздің мәдениет, туризм және спорт саларындағы қазіргі даму бағыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар екі ел арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарымен танысты.
Аталған кездесу алдағы оқу-тәжірибелік сапар қарсаңында ұйымдастырылды. Осы ретте, 2026 жылғы 5-19 сәуір аралығында лицейлердің оқушылары Алматы және Ақтау қалаларына екі апталық оқу-тәжірибелік сапармен барады. Сапар аясында олар қазақстандық колледждерде «Тігін өндірісі және киім үлгілеу», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Информатика», «Энергетика және баламалы энергия көздері» мамандықтары бойынша оқу сабақтарына қатысады.
Бағдарламаға қатысатын қазақстандық оқу орындары қатарында Алматы сервис және технологиялар колледжі, Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі, Ақтау қаласындағы «Каспий өңірі Болашақ» колледжі және Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі бар. Аталған білім беру ұйымдары Париж академиясында (Académie de Paris) жүйесінде аккредиттеуден өткен.






