«Таза Қазақстан»: Жамбылда тарихи орын қоқыстан тазартылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:59
- 1
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Байзақ ауданындағы Қамыстыбұлақ шатқалы мен Қарасай кешені қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Игі шарада жамбылдық жастар қола дәуір мен ерте темір дәуіріне жататын петроглифтер орналасқан аумақта тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, «Мөлдір бұлақ» акциясына үлес қосып, тау ішіндегі бұлақ көздерін ашты.
- Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Байзақ ауданындағы Қамыстыбұлақ және Қарасай шатқалында орналасқан петроглифтер және жартас бейнелері мен таңбаларына келіп отырмыз. Бұл кездейсоқ таңдау емес. Шатқал жақында толыққанды мемлекеттің қорғауына өткен болатын. Сонымен қатар бүгінгі экологиялық акцияға облыс орталығындағы ЖОО мен колледждердің ынталы еріктілері қатысып жатыр. Игі шара тарихи – мәдени ескерткіштерді күтіп-ұстау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы осындай тарихи құндылықтарға құрмет көрсетіп, оны ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдыру - бәріміздің ортақ міндетіміз. Сондықтан игі бастама бір реттік шара болып қалмайды. Алдағы уақытта да жалғастыру бойынша жаспарларымыз бар, - деді тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Сауран Қалиев.
Қамыстыбұлақ шатқалы Қырғыз Алатауының теріскей бетінде орналасқан табиғи-тарихи кешен. Мұнда шамамен 1 шақырымға созылған жартастарда 50-ден астам петроглифтер анықталған.





