....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 9:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Газа секторында құрбан болғандар саны 5 мыңнан асып жығылды

Газа секторында құрбан болғандар саны 5 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Газа секторында құрбан болғандар саны 5 мыңнан асып жығылды
Израиль тоқтаусыз атқылап жатқан Газа секторында қаза тапқандардың жалпы саны 5087-ге жетті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Anadolu агенттігінің жазуынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі мәлімдемесінде 7 қазаннан бері Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 5087-ге жеткені, оның ішінде 2055 бала, 1119 әйел және 217 қарт адам бары айтылған. Сондай-ақ 15 273 адам жараланған.
«Медициналық топтар жаралылардың денелерінде бұрын-соңды көрмеген терең күйіктер бар екенін мәлімдеді», - делінген хабарламада.
Министрлік дерегінше, 1500 адам, оның ішінде 830 бала әлі үйінділерінің астында жатыр. Аймақта шабуылдар мен жанармай тапшылығына байланысты 12 аурухана, 32 медициналық орталық және 25 жедел жәрдемнің жұмыссыз қалған. Палестина билігі халықаралық ұйымдарды Газаны атқылау кезінде қандай қарудың қолданылғанын анықтауға шақырды. Айта кетейік, 7 қазаннан бері бүкіл әлем Таяу Шығыстағы соғысқа көз тігіп отыр. ХАМАС пен Израильдің қақтығысынан мыңдаған бала құрбан болды. Газа секторының бейбіт тұрғындары қырылды, үй-күйсіз қалды. Израиль соғыстың бірнеше айға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды. Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматының қаза тапқаны хабарланған. ҚР СІМ ақпаратынша, 2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болған.
“Отандасымыз Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрды” - делінген хабарламада.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар