Жаңалықтар
Тарихтағы рекордтық көрсеткіш: қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы қанша
- авторjambylinfo.kz
- 24 қазан, 2023
- 219
Тарихтағы рекордтық көрсеткіш: қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы қанша
Ел азаматтарының орташа өмір сұру ұзақтығы 74,4 жасқа жетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Жамбылинф Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан әлеуметтік салада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Халықтың денсаулығын жақсарту үшін қомақты қаржы бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде азаматтардың орташа жасы 74,4 жасқа жетті. Бұл – ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Қиындығы көп болған тоқсаныншы жылдарда халық саны күрт азайды. Біз қазіргі таңда осы демографиялық құлдырауды еңсердік. Көп ұзамай халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Бұл еліміздің тұрақты дамуының айқын көрінісі деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, азаматтарымыз өз ұрпағының жарқын болашағына және еліміздің ертеңіне сеніммен қарайды», – деді Тоқаев.Сондай-ақ, президент аймақтарды дамыту мәселесіне тоқталды.
«Біз былтыр еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына бірқатар өзгеріс енгіздік. Сол арқылы кейбір облыстың дамуына тың серпін бердік. Менің тапсырмаммен ауыл-аймақты дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың мән-маңызы зор. Аймақтарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын құру – басты міндет. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы басталды. Осы жобаның аясында 655 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік нысан салынады, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, 20 ауданаралық көпбейінді емхана ашылады, ал 12 емхана заман талабына сай жаңарады. Яғни, төрт миллионнан астам ауыл азаматына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Елімізде «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. 2026 жылға дейін барлық аймақта жүздеген жаңа мектеп бой көтереді. Ауылдарда 100 спорт орталығы ашылады. Сондай-ақ, 650 мәдениет ошағы салынады және жөнделеді», – деді мемлекет басшысы.Айта кетейік, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жасты құрады. Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас, ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024