Жаңалықтар
Германияда 60-қа жуық адам су тасқынынан қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 16 шілде, 2021
- 179
Германияда 60-қа жуық адам су тасқынынан қаза тапты
Елдің батысында жауған нөсер жауын осыншама жанның өмірін қиған. Бұған қоса ондаған адам іс-түзсіз жоғалды.
Арвайлер ауданында алты үй қирап, тағы бірнеше ғимарат құлауға жақын, деп хабарлады федералды полицияның ресми өкілі. Қазір бұл аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенсек, Рейн өзені мен оның тармақтарының бойында орналасқан көптеген қаланы су шайып кеткен. Тасқын судың құрсауында қалған халық құтқарушыларды үйлердің шатырында күтуге мәжбүр. Адамдарды апаттан аман алып қалу үшін тікұшақтар жұмылдырылды.
- Бұл аймақта мұндай апат ешқашан болған емес. Табиғаттың күшіне айтар сөзіміз жоқ. Жанымызға бататыны, апат адамдардың өмірін қиып жатыр. Қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Тағы қаншама тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен, - дейді Рейнланд-Пфальц аймағының басшысы Малу Драйер.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қылмыстық процестің үш буынды моделі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада дүкендердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024
Жаңалықтар
Көмекке жиналған қаражатты жымқырған Перизат Қайрат екі айға қамалды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024