сенбі, 16 қараша, 2024 22:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тұрғындардың атынан несие алып, құмар ойынға жұмсаған банк қызметкері ұсталды

Тұрғындардың атынан несие алып, құмар ойынға жұмсаған банк қызметкері ұсталды
ашық дереккөзі
Тұрғындардың атынан несие алып, құмар ойынға жұмсаған банк қызметкері ұсталды
" width="800" height="450" /> width=

Полицейлер тұрғындардың 40 миллионнан астам ақшасын алаяқтық жолмен иеленді деген күдікпен банк қызметкерін ұстады.

Түркістан қалалық полиция басқармасына шұғыл хабарлама түскен. Арыз-шағымда банк қызметкері өзгелердің атынан несие алғаны көрсетілген.Полицейлер фактіні ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алып, оқиғаның толық мән-жайын анықтауға шұғыл кірісті. Банкте аға менеджер болып жұмыс істейтін жас жігіт мәселемен алдына келген азаматтардың құжаттарын пайдаланып, олардың атынан несие рәсімдеген. Барлығы 11 адамның атынан несие алған. Үш азаматтың депозитіндегі ақшасын жасырын түрде аударып алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 40 миллион теңгеден асады. Ол ақшаны құмар ойындарға салып жібергенін мойындады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар