жексенбі, 30 маусым, 2024 17:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Германияда адам қолынан қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаева Қазақстанда жерленетін болды

Германияда адам қолынан қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаева Қазақстанда жерленетін болды
Сурет марқұм Айгүл Сайлыбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Германия билігі марқұмның денесін алып кетуге рұқсат берген

Германияда құпия жағдайда, бірақ, адам қолынан қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаева Қазақстанда жерленетін болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Қазір оның ағасы Қанат Сайлыбаев тиісті рәсімдерді өтіп жатыр.

«Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, сүйегін әкелсе, туыстары жұма немесе сенбіде Айгүлдің жаназасын өткізіп, жерлемек. Еске салайық, бұрын Астанадағы Сарыарқа аудандық сотында судья болып қызмет еткен 40 жастағы қазақстандық әйел 4 маусым күні Бенсхайм қаласында жоғалып кетіп, мәйіті 12 күннен кейін ғана қала шетіндегі көл жағасынан табылған. Неміс тергеушілері марқұмның беті, мойны мен қолында пышақ жарақаты бар екенін айтты. Бұл іс бойынша әлі күнге дейін күдікті жоқ. Айгүлмен бір уақытта оның енесі де жоғалып кеткен. Ол әлі табылмады», - деп хабарлайды телеарна.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар