жұма, 22 қараша, 2024 5:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының шекараларында есірткі транзитіне қарсы күрес күшейді

Жамбыл облысының шекараларында есірткі транзитіне қарсы күрес күшейді
Сурет: ПД баспасөз қызметі
Қазір облыстың шекара маңындағы аумақтары ерекше бақылауда

Республикалық "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жамбылдық полицейлер есірткінің трансұлттық транзиті мен есірткі бизнесіне қарсы күресте күш құрылымдарымен өзара ынтымақтастықты күшейтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Есірткінің жеткізілу және транзит арналарын анықтау мақсатында шекара маңындағы аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, шекара арқылы өткізу пункттерінде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргіземіз. Біздің облыс есірткі транзиті өтетін  аумақ. Бұған дейін Шу аумағында өсетін  каннабис тектес есірткілер елдің барлық аймақтарында тәркіленген. Мұндай деректердің жолын кесу және барлық арналарын жабу үшін қазір қарасораның қаулап өсетін кезеңінде біз барлық мүдделі тараптармен күш біріктірдік», - деді облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.   

Қызметтік иттердің көмегімен  қызметкерлер шекарадағы көліктер мен тауарларды тексереді. Полицейлер мұндай жұмысты жыл сайын жүргізеді. Өткен жылы 65 жастағы әйел ұсталды, ол шекара арқылы 700 грамм героинді тасымалдамақ болған. Сот шешімімен ол 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар