сенбі, 22 наурыз, 2025 1:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Германиядағы сайлау: Шольцтың жеңілісі және жаңа саяси бағыт

Германиядағы сайлау: Шольцтың жеңілісі және жаңа саяси бағыт
Фото: flickr/worldeconomicforum
Жексенбі күні Германияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Бұл сайлау Еуропалық Одақтағы ең ірі мемлекеттің алдағы төрт жылдық саяси бағытын анықтайды.

Олаф Шольц жетекшілік ететін Германияның социал-демократиялық партиясы (ГСДП) үшінші орынға түсіп, тарихи ең төменгі нәтиже – 16,4% дауыс жинады. Шольц жеңілісін мойындап, сайлау нәтижесінің көңіл көншітпейтінін айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Экзитпол деректеріне сүйенсек, сайлауда Христиан-демократиялық одақ (ХДС) және Христиан-әлеуметтік одақ (ХСС) блогы көш бастап, шамамен 29% дауыс жинады. Екінші орынға "Германияға балама" атты ультраоңшыл партия көтеріліп, өз тарихындағы ең жоғары көрсеткішке – 20% дауысқа ие болды. Ал Германияның социал-демократиялық партиясы үшінші орынға түсіп, 16% дауыс жинады.

Нәтижелерге сәйкес, ХДС/ХСС блогына жаңа коалиция құру қажет болады. Ал Олаф Шольцтың орнына канцлер қызметіне Фридрих Мерц келуі мүмкін.

Бұған дейін Германияда Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлау өтетіні хабарланған еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар