Осы аптада қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға қатысады
- авторjambylinfo.kz
- 24 ақпан, 2025
- 269

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Халықаралық жарыстар
24 ақпан – 9 наурыз – Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты
Тронхейм, Норвегия
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
24 ақпан – 3 наурыз – Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Дебрецен, Мажарстан
Қазақстан атынан 2 спортшы қатысады.
23 ақпан – 7 наурыз – Биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты
Эстерсунд, Швеция
11 отандасымыз сынға түседі.
26 ақпан – 2 наурыз – Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Калгари, Канада
8 спортшы ел намысын қорғайды.
26-27 ақпан – Еркін күрестен Muhamet Malo халықаралық рейтингтік турнирі
Тирана, Албания
Қазақстан құрамасынан 10 палуан жарысқа қатысады.
26 ақпан – 4 наурыз – Көркем жүзуден Әлем кубогі (1 кезең)
Париж, Франция
Байрақты бәсекеде 9 отандық спортшы бақ сынайды.
28 ақпан – 6 наурыз – Тау шаңғысы спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Тарвизио, Италия
2 қазақстандық спортшы жарысқа түседі.
1-3 наурыз – Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі
Оберхоф, Германия
4 спортшы ел намысын қорғайды.
Қазақстан чемпионаттары
24-28 ақпан – Спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты
Ақтау
110 спортшы (17 өңірден).
25-28 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігі
Астана
400 спортшы қатысады.
26-28 ақпан – Армрестлингтен Қазақстан чемпионаты
Астана
300 спортшы (17 өңірден).
1-7 наурыз – Пара садақ атудан Қазақстан чемпионаты
Шымкент
60 спортшы сынға түседі.
Спорттық додаларға қатысатын барлық спортшыларға сәттілік тілейміз!
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз