"Хабар" арнасындағы жұрттың ашуына тиген ток-шоу жабылды
- авторjambylinfo.kz
- 13 наурыз, 2024
- 1.7k
Редакция күйеуінен зәбір көрген 6 баланың анасын студияға шақырған. Ол 18 жыл бойы зорлық-зомбылық көрген. Күйеуі ұрып-соғып, қолын да сындырған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бағдарлама авторлары әйелдің түрін көрсетпеуге уәде берген, күйеуі бағдарламаға шақырылмайтынын айтқан. Бірақ ешбір уәде орындалмаған. Салдарынан студияда күйеуін көрген әйелдің психологиялық жағдайы қиындап кетті.
Бұл жағдайға байланысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.
"Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуге тиіс еді. Редакция кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламауы қажет еді", - деп жазды министр Балаева.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз