сейсенбі, 26 қараша, 2024 11:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ
ашық дереккөзі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ
«Тараз» ӘКК» АҚ БҰҰ Жаһандық келісім шартына  қосылды. «Тараз» ӘКК БҰҰ Жаһандық келісім шартына қосылған Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация. Бұл құжат 68 миллионнан астам жұмысшылары мен қызметкерлері бар 160 елден 20 000-нан астам қатысушыларды біріктіреді.  width= ӘКК айтуынша, БҰҰ Жаһандық келісім шартына енгізу процесі бекітілген ережелерге сәйкес, барлық белгіленген стандарттардан өтуді ескергенде ұзақ уақытты алады. – Атап айтқанда, келісім шарттың негізгі 10 қағидасы негізінде «Тараз» ӘКК қызметіне, оның жарғысына және ұстанымына талдау жасалды. Нәтижесінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қысқа мерзімде БҰҰ-ның Жаһандық келісім шартына қосылуға рұқсат алды, - дейді «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров. Айта кету керек, БҰҰ-ның Жаһандық келісім шартына қосылу барлық компанияларға бұйыра бермейді.  Кейбір ұйымдар мүшелікті растауды алты ай күтеді, басқалары тіпті өтпейді және қабылданбайды. – Осы құжат  ӘКК-нің тұрақты дамуына, оның ішінде корпорацияның БҰҰ белгілеген халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкестігін айқындайды. Бұл бізге клиенттердің, инвесторлардың және басқа да мүдделі тараптардың алдында әлеуметтік жауапты және этикалық ұйым ретінде көрсетуге, сондай-ақ жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Дәулет Әбілқайыров. Өз кезегінде келісім шарт тұрақты тәжірибені енгізуге, ауқымды даму стратегияларын әзірлеуге, өзге де ресурстарға және құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. - Басты артықшылығы – басқа да қатысушылармен өзара жұмыс істеп, озық тәжірибемен бөлісу, бірлескен жобалар мен бастамаларға қатысу, сондай-ақ біздің жаһандық мүмкіндіктерімізді кеңейту, - деп атап өтті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшысы. Жалпы, бұл келісім шартқа қол қою ӘКК мен Жамбыл облысының тұрақты дамуына, адам құқықтарын қорғау және климаттың өзгеруімен күресу бойынша жаһандық күш-жігерге қосылуға көмектесетін стратегиялық қадам болып табылады. - «Тараз» ӘКК үздік қазақстандық және әлемдік компаниялармен деңгейлес болуға ұмтылуда (мысалы, 2023 жылы Халық банкі БҰҰ-ның Жаһандық шартына кірді, сондай-ақ барлығына танымал тауарларды шығару бойынша әлемдік жетекші компания Procter & Gamble де БҰҰ келісім шартының мүшесі болып табылады). Сондай-ақ, аталған құжат корпоративтік рейтингті жақсартады және заманауи нарықтық үрдістердің барлық талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік береді. Бұл қадам алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді, - деп түйіндеді Дәулет Әбілқайыров. Айта кетейік, БҰҰ Жаһандық келісім шарты адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы он қағидатты мәлімдейді.  

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ

«Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар