дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықаралық саяси әлемдегі Тоқаевтың рөлі қандай?

Халықаралық саяси әлемдегі Тоқаевтың рөлі қандай?
ашық дереккөзі
Халықаралық саяси әлемдегі Тоқаевтың рөлі қандай?
Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы билік тармақтары толығымен жаңғырып, бірнеше өзгерістер орын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы елдермен қарым-қатынаста да еліміздің беделін арттыру жолында бірнеше қадамға барды деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жыл басталғалы елімізге келген шет мемлекеттердің басшыларымен кездесті. Атап айтсақ, алдымен Франция президенті Эммануэль Макрон, одан кейін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары, одан бір күн бұрын Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан келді. Бұл сапар Ресей президенті Владимир Путиннің келуімен аяқталды. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев Тоқаев саясатының негізі бағыты саяси прагматизм екенін атап өтті. "Тоқаев саясатының негізгі бағытына тоқталар болсақ, саяси прагматизм деп алар едім. Яғни, саяси реформаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен қатар сыртқы елдермен бірге иық тіресіп, бірнеше мәселелерді ынтымақтасып шешуді басты орынға қойды. Соңғы екі айдың ішінде Тоқаев АҚШ-тың, Германияның, Францияның, Түркияның және басқа да ірі мемлекеттердің президенттерімен кездесті. Сол кездесулерден кейін Қазақстан өзінің дипломатиялық белсенділігін арттырумен бірге жаңа бір профайлмен, жаңа бір деңгейге шықты деп айтар едім. Бұл ретте Мемлекет басшысының басты принциптері – прагматизм, салқынқандылық және ең маңыздысы, демократия дамуын қолдау деп білемін. Тоқаев – салмақты дипломат. Бұл қасиеті түрлі жиындарда анық көрінеді. Оны кез келген мәселеде мәмілеге келуге дайын, салқынқанды, еш эмоциясыз, басты принциптерін назарда ұстап, дұрыс бағыт алып отырған тұлға ретінде қарастыруға болады", - деді сарапшы. "Қазақстан экономикалық мүддені көздейді" Өткен жылы Қазақстан өзінің беделін жаһандық институционалдық деңгейде нығайтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Орталық Азия өңірі төңірегіндегі халықаралық дискурсқа айтарлықтай оң үлес қосты. Жиынға қатысушылар мұздықтардың еруіне және Орталық Азиядағы экологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты мәселелерді талқылады. Сарапшы Бауыржан Серікбаев бұл ретте Қазақстан экономикалық мүддені көздейтінін айтты. Қазақстан бұл жағынан алғанда барынша инвестициялық ахуалды жақсартып, жан-жақты келісімдерді, жаңа логистикалық-көлік картасын жаңартып, аймақта қолайлы геоэкономикалық ахуалды туғызуға атсалысып жүргендігін көрсетуде. Бұл жайында ІІ Еуразиялық экономикалық форумда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, Үндістан, Түркия, Иран, Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен экономикалық байланыстарының күшейіп келе жатқанын алға тартты. Осыған Ресей мен Белоруссия елдерін белсенді қатысуға шақырды. Себебі "байысаң, көршіңмен байы" деген көшпенділердің ізгі достық қағидалары қандай жағдай туындаса да, аймақтағы даму керуені тоқтамауы қажеттігін тағы да бір ескертіп өткендей болды. Оның үстіне, дипломаттардың сөзімен айтсақ, "келісімдер орындалуы тиіс" (Pacta sunt servanda), Қазақстан ұлттық мүддесінен шықпай, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа тек экономикалық интеграциялық мақсатында кірді. Ешбір келісімді бұзбай, осы бағытта жұмыс істей бермек. Ешбір саяси ұйымға кіріп, ешкімнің қолшоқпары болуға ниетті емес. Бұл - еліміздің басты халықаралық деңгейдегі мызғымас қиғадасы болмақ. Ел басшысы мұны да биыл өткен ІІ Еуразиялық экономикалық форумда әлі осы уақытқа дейін түсінбей жүргендерге меңзеп шықты", - деді саясаттанушы. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96425/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар