дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстауда ауыр жүк таситын көліктер көпірді талқандап жатыр

Маңғыстауда ауыр жүк таситын көліктер көпірді талқандап жатыр
ашық дереккөзі
Маңғыстауда ауыр жүк таситын көліктер көпірді талқандап жатыр
Маңғыстауда ауыр жүк таситын көліктер көпірді талқандап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Жергілікті тұрғынның айтуынша,  көпір - салмағы 40 тоннаға дейінгі автокөліктерге ғана арналған. Соған қарамастан, 90-100 тонналық жүгі бар ауыр автомобильдер өтіп жатыр. "3-4 күн бұрын шетелдік мекеме жүктерді өткізіп жіберді. Осы жерде айналып өтетін жол бар. Бірақ мына мекеменің көліктері ол жолды пайдаланбай, көпірдің үстімен өтіп кетті. Жүктердің салмағы 90 - 100 тонна. Ал көліктің өзін қосқанда одан да ауыр болады. Соның салдарынан көпір тозып, талқаны шықты. Құзырлы мекемелер қайда қарап отыр? Ешқандай бақылау жоқ", - дейді тұрғын. Көпір Ақтау-Ақкетік облыстық маңыздағы тас жолының бойында, Сақақұдық жерінде орналасқан. Әкімдіктегілердің айтуынша расында да көпір 40 тоннаға дейінгі салмақты көтереді. Одан ауыр жүк таситын көліктер айналма жолмен жүруі тиіс. Маңғыстау облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшылығы бейнежазбаға қатысты тексеру жұмыстары басталғанын жеткізді. Алдымен бейнежазбаның қай кезде түсірілгені анықталады. Содан соң Баутино портынан шыққан жүктер тексеріледі. Мекеме белгілі болған соң, заң аясында тиісті шаралар жүргізілмек. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96705/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар