....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 1:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Интим хаттар жазған". 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды азғырды деген күдікке ілінді

"Интим хаттар жазған". 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды азғырды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
"Интим хаттар жазған". 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды азғырды деген күдікке ілінді
Маңғыстау облысында 19 жастағы жігіт кәмелетке толмаған қызды азғырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды  Jambylinfo.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Ведомство мәліметінше, 8 желтоқсанда 10 жастағы қыздың анасы полицияға арызданған. Әйел адамның сөзінше, белгісіз біреу қызына WhatsApp арқылы интим сипаттағы хаттар жазған. "Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл дерек Мұнайлы ауданының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне сай жария етілмейді", - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысы, Батыр ауылының 20 жастағы тұрғыны да ұсталған болатын. Жігіт кәмелетке толмаған қызға тиісті деген күдікке ілінді. Бұл туралы 5-сынып оқушысының анасы айтты. Ол қызының біреумен үнемі WhatsApp арқылы хат алмасып тұратынын байқаған. Әйел қыздың телефонынан көптеген әдепсіз хабарлама тапқан. Белгісіз жігіт қызға киімсіз түскен суреттерін жіберуді өтінген. Қыздың анасы өз қызының атынан бейтаныс жігітпен хат алмасып, оны кездесуге үйінің алдына шақырады. Сол кезде келген жігітті видеоға түсіріп алып, полиция шақырған. Қазір тәртіп сақшылары жігіттің ниетін және оқушы қыздың телефон нөмірін қайдан алғанын анықтап жатыр. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96684/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар