
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 2023 жылғы 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қасақана ауыр дене жарақатын салды және адам ұрлады деген күдік келтірілуде. Бұл қылмыс 2021 жылдың маусымында болған. Кейін бұл іске байланысты бес адам сотталып, қазір жазасын өтеп жатыр.
Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Полатты өлтіру ісімен байланысты аталды. Қылмыстан кейін ол видеоүндеу жасап, өзін "Хуторские" тобына қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Бұл мәліметті ІІМ мен прокуратура да растады – олар Хасан Қасымбаевтың бұл іске қатысы жоғын және Алматы облысында "Хуторские" атты қылмыстық топтың барын жоққа шығарды.
Қасымбаев ұсталғаннан кейін Талғар ауданы әкімінің аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев өз еркімен қызметінен кеткен. БАҚ олардың туыстық байланысы барын жазған.
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот отырысы кезінде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов "Хуторские" туралы тағы да айтқан.