Спорт
Астанада дзюдодан әлемдік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 сәуір, 2025
- 670
Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет қабылданбақ
Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
Келесі мақала
Жамбыл облысы ПД бастығы оқушылармен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025
Спорт
Оразбек Асылқұлов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 желтоқсан, 2025






